27 қыркүйек 2017 09:57

Головкиннің қысымынан Альварес шаршап қалды. 118-110 деген есепті көргенде таңғалдым - WBO чемпионы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші аса жеңіл салмақта WBO чемпионы америкалық боксшы Джесси Магдалено орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегі туралы ойын бөлісті.


Екінші аса жеңіл салмақта WBO чемпионы америкалық боксшы Джесси Магдалено орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегі туралы ойын бөлісті.

"Головкин жеңді деп ойладым. Мен 7-5 раундты соның пайдасына бердім. Ол белсенділік танытты, Альварестің бірнеше рет қателесуіне септігін тигізді және жақсы бір соққы дарытты. Жақсы джебтері болды. Головкиннің жақсы сәттері көп болды, бірақ Альваресте де ондайлар болды. Альварес көбіне қозғалыста болды. Ол Головкиннің алдына тура шыққысы келмеді. Олар бір-бірінің соққысының ауырлығын сезді деп ойлаймын. Меніңше, Головкин ірі болды және "Канелоға" қарағанда көбірек жұмыс істеді. Мен таңғалдым (Төреші Аделаида Бердтің Альварестің пайдасына 118-110 ұпай қойғанына). Мен ондайды күтпедім. Ол қалай мұндай есепті көріп жүр? Барлығының осы ұпай үшін көңіл-күйі түсіп кетті", - деді ол.

Айтуынша, Головкиннің қысымынан Альварес шаршап қалған.

"Олардың реваншын асыға күтемін. Онда "Канело" өз жылдамдығын асыра пайдаланады дегенге сенемін. Бір соққыға үміт артып жұдырықтасуға болмайды, әрине. Соққыны көбірек жасау керек. Головкин тағы да қысымға алып, қарсыласына ауыр соққылар жұмсап, өзінің ең жақсы джебтерін жұмсайтынына сенемін", - деді Магдалено K.O. Artist Sports басылымына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети