28 қараша 2018 17:25

Головкиннің міндетті қарсыласы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sports Beast © Sports Beast

Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) допинг дауына қатысты жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) допинг дауына қатысты жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Мұның алдында ағайынды Чарлолар қазанда допинг-тест тапсырмағаны хабарланған еді.

"Тест тапсырмау одан өтпей қалғанды білдірмейді. Бұл таңдалып жасалатын тест және тапсыратын күнді WBC бағдарламасы белгілейді. Келесі жекпе-жектің FOX-тағы жарнамалық науқанына қатысқандықтан қалада болмадық. Дерекке сену қажет. Қайталап айтайын, хейтерлер жек көру керек, олардың жұмысы сол", - деп жазыпты Чарло Twitter желісіндегі парақшасында. 

Бұл жағдайға қатысты Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ағайынды Чарлоларға айыппұл салды. Келесі жылдан бастап ұйым мұндай ереже бұзу үшін жазаны қатаңдатпақ. 

Айта кетейік, ағайынды Чарлолар 22 желтоқсанда Нью-Йоркте белбеулерін қорғайды: Джермелл Тони Харрисонмен, ал Джермалл Вилли Монромен жұдырықтасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети