Головкиннің промоутері Cондерспен келіссөздер жүргізіліп жатыр деген мәліметті жоққа шығарды

27 Қаңтар 2017, 09:54
0
Головкиннің промоутері Cондерспен келіссөздер жүргізіліп жатыр деген мәліметті жоққа шығарды - © Allboxing.ru
© Allboxing.ru

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен биыл жазда Астанада жекпе-жек өткізуге қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр деген мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл жалған мәлімет. Головкин 18 наурызда өтетін жекпе-жекке бар күшін салып жатыр. Жеңіске жетсе, әрине, біз Сауль "Канело" Альвареспен кездескіміз келеді. Менің негізгі жұмысым - Геннадийге алдын ала мықты әрі қарсылас бола алады деген боксшыларды табу. Бірақ қазір біз үшін ең маңыздысы - Джейкобспен өтетін кездесу, себебі, ол Геннадийдің мансап жолындағы ең мықты қарсылас", - деді промоутер.

Сондай-ақ, Том Леффлер "Канелоның" 6 мамырда үлкен жекпе-жек өткізетінін айтты. "Әрине, "Канеломен" жекпе-жек өткізсек, бұл ең үлкен кездесу болатыны сөзсіз. Головкиннің наурыздағы жекпе-жегі мен "Канелоның" мамырдағы жекпе-жегі қалай аяқталатынын көреміз. Наурыздағы кездесу сәтті өтіп, Головкин соңғы бес жылда армандаған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын", - деді Том Леффлер.

Еске сала кетейік, осыған дейін БАҚ-тарда Головкин мен Сондерстің жазда Қазақстанда жұдырықтасатыны жайлы хабарланған болатын. "Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинге қарсы, жекпе-жек Қазақстанда өтеді", - делінген еді Boxing Legends TV арнасының парақшасында. Айта кетейік, GGG қазірде Сондерстің иелігіндегі WBO белбеуін алса, орта салмақтағы барлық титулдың басын біріктіреді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай