26 қыркүйек 2017 17:41

Головкиннің промоутері: Соңғы екі жекпе-жекке дейін төрешілер жайлы бас қатырмайтын едік

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sky Sports © Sky Sports

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткен жекпе-жектен кейін барлығына жіті назар аударатынын, сондай-ақ, тағайындалатын төрешілерге де назар аударатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Вегаста бірдеңе дұрыс болмады және енді біз мұндай жағдай тағы да қайталанбайды деп сенуіміз керек. Головкин осыған дейінгі соңғы екі жекпе-жегінде бірнеше нокаут жасады, ол кезде бізге тіпті төрешілер жайлы ойланудың қажеті болған жоқ. Ал енді біз осы мәселеге және жекпе-жекке қатысты басқа да мәселелерге назар аударатын боламыз", - деп келтірді промоутердің сөзін Daily Mail.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Головкин - Альварес жекпе-жегі 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети