Головкиннің промоутері: Ұлыбританиялық боксшылар GGG-ден қашқақтайды

12 Шілде 2016, 13:15
0
Головкиннің промоутері: Ұлыбританиялық боксшылар GGG-ден қашқақтайды - © sports.kz
© sports.kz

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) промоутері Том Леффлер ұлыбританиялық боксшылардың GGG-ден қашқақтайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз Геннадийдің бірінші рет Ұлыбританияда жұдырық тиістіретініне қуаныштымыз. Брукқа алғысымыз шексіз, себебі қазіргі кезде Геннадийге қарсы ешкім тұрғысы келмейді. Біз Ұлыбританияда бірнеше жекпе-жек өткізуді ойлағанбыз, соның ішінде Карл Фроч, Билли Джо Сондерс және кіші Крис Юбенктер бар еді. Бірақ олардың ішінде жалғыз Брук келісім берді", - деді промоутер.

Еске сала кетейік, Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында өтеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай