07 қараша 2018 10:22

Головкиннің телефон нөмірін таппай қалдың ба? - 50 Cent Мейвезерді сынап тастады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокс саласында промутер ретінде жұмыс істеп көрген танымал америкалық рэпер 50 Cent 31 желтоқсанда жапонның ММА жұлдызы Тенсин Насукавомен жекпе-жекке шығатын Флойд Мейвезерді (50-0, 27 КО) мазақ етті. Бұл туралы Sportbox.ru тілшісі хабарлайды. 

50 Cent-тің ойынша, Майвезерге қарсылас ретінде ең ұтымды шешім орта салмақ жұлдыздары - әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және WBC және WBA (Super) иесі мексикалық "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО).

"Чемпион такси жүргізушісімен жұдырықтаспақшы. Орнына маған төлеңіздер, кейін YouTube хостингіне жариялап қоямын. Флойд, Головкиннің телефон нөмірін таба алмайтындай не болыпты? Чемпион цирк ойнатқышына айналды. Альварес кем дегенде мықтылармен жұдырықтасады", - деді 50 Cent TMZ Sports-қа берген сұхбатында.

Мэйвезер-Насукава арасындағы жекпе-жек ресми жарияланды, бірақ оның форматы әлі белгісіз. BoxingScene сайтының хабарлауынша, ол бокс ережелеріне сай болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети