Хосе Наполестен бастап Головкинге дейін. Кәсіпқой бокста P4P рейтингі қалай өзгерді?

29 Қыркүйек 2017, 17:54
0
Хосе Наполестен бастап Головкинге дейін. Кәсіпқой бокста P4P рейтингі қалай өзгерді? - © mansden.ru
© mansden.ru

P4P рейтингінде ең үздік боксшылардың тізімін жасау әрқашанда дауға ұласатын. Мамандар арнайы бір ереже немесе формула бойынша ең үздікті анықтай алмайды. Өткен заманда бір нақты көшбасшы боксшыны анықтау оңай болған. 

WBN порталының редакциясы өткенге оралып, 1970 жылдан бастап (P4P) ең үздік боксшыларын жариялады. 


Хоcе Наполес

Бұл тізімде бірінші болып Хоcе Наполес бастап тұр. Ол кубалық болып шыққан, себебі Фидель Кастро 1961 жылдан бастап аралда кәсіпқой боксқа тыйым салған. Наполес Кубадан кетіп, Мексикаға орныққан. 

1969 жылы боксшы америкалық Кертис Коксты екі рет жеңіп, WBC және WBA титулдарын жеңіп алған. The Ring басылымы оған жыл боксшысы атағын берді. Ал 1970 жылы Наполес салмақ дәрежесіне қарамастан, ең үздік боксшы атанды. 

Джо Фрейзер

Ол көп уақыт бойы көшбасшы бола алмады - сол жылдың желтоқсанына дейін. Билли Бакусу жеңіліп қалғаннан кейін, біріншілікке Джо Фрейзер шықты. Наполес 1971 жылы рейтингтің басына қайта шықты. Текетірес соңында Фрейзер жеңіп, 1973 жылға дейін лидер болды. Алайда Джордж Форман екінші раундта Фрейзерді нокаутқа түсіргеннен кейін, ол атағынан айырылды.

Мұхаммед Әли

1974 жылы Мұхаммед Әлидің дәуірі басталды. Форманмен бір кездесуде "Ұлы" боксшы нокаутқа түсірді. Бірақ Мқхаммед Әли бірден біріншілікке шыға алмады. Форманды осылайша жеңуі оның ғаламшарға көтергендей болды. Барлық басылымдар оған жаңа есімдер беріп жатты. Ол көшбасшылықты төрт жыл ұстады.

Шугар Рэй Леонард

1980 жылы "Ұлы" боксшы құлады. Жаңа король - Шугар Рэй Леонард. 1982 жылға дейін ең мықты атағын осы азамат иеленіп келді. Оны Марвин Хаглер ауытырды. Хаглер бес жыл бойы ең үздік боксшы болып келді. 1987 жылы Шугар Рэй Леонард титулдық атағын өзіне қайтарып алды. 

Майк Тайсон

Сол жылы америкалық Майк Тайсон Шугар Рэйді және осы орынға үміткерлерді жылы орнынан жылжытты. Тайсон 1987 жылы ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпион атанды. Бокс тарихында қолынан осындай іс келген ең жас боксшы атағын да иеленді. 

Хулио Сезар Чавес 

1990 жылы "ең үздік" атағын Пернелл Уитакер (АҚШ) мен Хулио Сезар Чавеске (Мексика) берілді. Чавес үш жыл біріншілікте болды. Одан кейін, америкалық Риддик Боу, ал быр жылдан соң тағы бір америкалық Эвандер Холифилд біріншілікке шықты. 

1994 жылы Уитакер камбэк жасады. Боксшы өзіне сенімді болғаны сонша, ол үш жыл қатарынан осы атақты ешкімге бермеді. Үш жылдан соң жаңа лидер пайда болды - Оскар Де Ла Хойя.

Оскар Де Ла Хойя

Оскар Де Ла Хойя 99 жылға дейін ел аузында жүрді. Бұл жылы басылым Феликс Тринидадты (Пуэрто-Рико) төрге шығарды. Екі жыл өткеннен соң оның орнына  Бернард Хопкинс келді. 

Ары қарай, WBN "ең мықтыны" кіші Рой Джонсқа (АҚШ) берді. Ол 2005 жылға дейін көшбасшылықта болды. Осы кезден бастап ел назары тағы бір америкалық боксшы Флойд Мейвезерге ауды. 

Кіші Флойд Мейвезер 

2010 жылы басылым ең үздік деп Мэнни Пакьяоны таныды. Алайда  Флойд бір жыл өтпестен өзіне тиесілі атақты қайтарып алып, 2016 жылға дейін тұрды. Өткен жылдың басында ең үздік боксшы Роман Гонсалес (Никарагуа) атанса, соңына қарай және 2017 жылдың басында Андре Уорд біріншілікке шықты. 

Қыркүйекте Уорд спорттан кететіні жайлы мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта тең құқылы "король" - Геннадий Головкин.

Геннадий Головкин


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай