07 шілде 2018 10:01

Иван Дычко қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© The Heavyweight Factory © The Heavyweight Factory

Аса ауыр салмақ дәрежесі бойынша қазақстандық боксшы Иван Дычко чемпиондық титулдың экс-үміткері, 42 жастағы америкалық боксшы Морис Харристі жеңді, деп хабарлады Vesti.kz.


Аса ауыр салмақ дәрежесі бойынша қазақстандық боксшы Иван Дычко чемпиондық титулдың экс-үміткері, 42 жастағы америкалық боксшы Морис Харристі жеңді, деп хабарлады Vesti.kz.

Жекпе-жек Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel and Casino аренасында өткен бокс кешінің шеңберінде болды. Жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Дычко қарсыласын бірінші раундта жеңді.

Дычко Харристі арқанға тіреп, басына бірнеше рет соққы берді, сөйтіп оның қарсыласы нокдаунға түсті. Америкалық боксшы Дычконың бүйірден берген соққыларына шыдай алмай, рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Дычко кәсіби-рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ол кездесулерінің барлығында қарсыласын уақытынан бұрын ұтып келеді.

Харрис 2015 жылдың желтоқсанынан бері рингке шықпаған, ол сол кездесуінде болгар Кубрат Пулевтен жеңілген болатын, ол кезде де нокаутқа түсті.

Америкалық боксшы ол кездесуіне бірнеше ай қалғанда, 2015 жылы қазанда WBA International тұжырымы бойынша вакантты титулға таласып, ресейлік боксшы Александр Устиновпен кездесу өткізіп, бірінші раундта нокаутқа түскен.

Дычкодан жеңілген Харристің қоржынында 22 жеңіліс пен 26 жеңіс бар. Сонымен қатар, үш жекпе-жекте тең түскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети