29 маусым 2017 10:04

Иван Дычко ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иван Дычко Иван Дычко

Қазақстандық боксшы Иван Дычко The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен ресми келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Қазақстандық боксшы Иван Дычко The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен ресми келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

26 жастағы әуесқой боксшы 2012 және 2016 жылғы Олимпиадалардың қола жүлдегері. Әлем чемпионатында екі рет күміске және бір рет қолаға қол жеткізген. Азия ойындарының финалисі, Азия чемпионы болған. 

Биыл ақпанда Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновпен бірге аустралиялық промоутер Майк Алтамурамен келісімшарт жасасып, кәсіпқой боксқа өтпек болған. Алайда келісімшарт компания кінәсінен тоқтатылған еді. 

The Heavyweight Factory (Ауыр салмақ фабрикасы) АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан. Компанияның Facebook желісіндегі парақшасында орналастырылған ақпаратқа қарағанда, бұл ұйым 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 

Ресми сайттың "бос орындар" бөлімінде ауыр салмақтағы боксшылар қажет екені жазылған. Үміткерлер 18 бен 26 жас аралығында, салмақтары 200 фунт және одан жоғары болуы керек. Бұрынғы спортшылар - бейсболшылар, баскетболшылар және америкалық футболдың бұрынғы ойыншыларының өтініші де қабылданады екен. Үміткерлерге бокстан әлем чемпионы атануға көмек көрсетілетіні айтылған. 

The Heavyweight Factory компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасы компания промоутері және басшысы Крис Лоуренстің жеке парақшасы ретінде де қолданылады - мәселен, онда Лоуренстің балаларының суреттері жарияланады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети