22 қазан 2017 17:40

Жақиянов әлемдік рейтингте өз орны бар екенін дәлелдеді - ESPN журналисі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

ESPN журналисі Уилл Кент қазақстандық Жанат Жақиянов (27-2, 18 КО) пен жеңіл салмақта IBF және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған солтүстікирландиялық Райан Барнетт арасында өткен жекпе-жекке байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz


ESPN журналисі Уилл Кент қазақстандық Жанат Жақиянов (27-2, 18 КО) пен жеңіл салмақта IBF және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған солтүстікирландиялық Райан Барнетт арасында өткен жекпе-жекке байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жақиянов пен Барнетт арасындағы жекпе-жек қазанның 22-не қараған түні Белфаст қаласында өтті. SSE аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шыққан боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасты. Кездесу аяқталысымен төрешілердің шығарған шешімі мынадай болды: 118-110 119-109 және 116-112.

"Бұл сұмдық жоғары қарқында өткен жақын дистанциядағы жекпе-жек болды. Жақиянов өзінің әлемдік деңгейде тек мықты қарсылас қана еместігін, сонымен қатар кез келген соққыға дайын боксшы екенін дәлелдеді. Ол бірнеше жойқын соққыларды қабылдап, соған төтеп бере алды. Соған қарамастан, Барнетт жеңіске лайықты өнер көрсетті, ол жылдам қозғалды, таңғаларлық комбинациялар мен төзімділігін көрсете білді. Ол өзін тағы бес раундқа шыдайтынын көрсетті", - деді Кент. 

Кездесудің видеосы да жарияланды. Айта кетейік, Жақияновты жеңген Барнет жекпе-жек соңынан денсаулығын тексеру үшін ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы The Times тілшісі Рон Льюис Тwitter желісіндегі парақшасында жазды.

Жанат Жақиянов WBA (Super) белбеуінен айырылып қалды, ол оны биыл ақпанда иеленген еді. Қазақстандық боксшы спорт мансабында 27 рет жеңіске жетіп (18 КО), екінші рет тізе бүкті, ал оның қарсыласы әлі жеңілген жоқ - 18 жеңіс (11 КО).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети