Ұлыбританиялық бұрынғы танымал боксшы әрі қазіргі уақытта аса жеңіл салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша чемпион, қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың (27-1, 18 КО) бапкері Рикки Хаттон Boxing News сайтына берге сұхбатында өзі жаттықтыратын спортшының осы деңгейге дейін көтерілу жолын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен Жанаттың ешкім емес екенін сан мәрте айтқанмын, мұны дұрыс түсініңіздер. Ол әуесқой бокста керемет жетістікке жеткен жоқ, Олимпиада жеңімпазы болған емес. Ол дайын чемпион болған жоқ. Біз үлкен жұмыс істеп, оның осы деңгейге жетуі үшін біраз тер төктік.
Ешкім оның Уорренді жеңетініне сенген жоқ, ол аутсайдер болды. Бірақ мен оның жаттығуын көріп, жеңетініне сөзссіз сенетінмін. Ол маған өзімнің залда жүргенімді есіме түсіреді. Ол алдындағы кедергілердің барлығын бұзып өтеді. Қазіргі уақытта Жанатты жеңу мүлдем мүмкін емес. Қарсыластары оны тек еденге жабыстырып тастамаса, Жанат ол жағдайда да тұрып есесін қайтарады", - деді Хаттон.
Еске сала кетейік, 11 ақпанда Жанат Жақиянов америкалықтың белбеуін тартып алған болатын. Американың Толедо қаласында WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен америкалық Роуши Уоррен әлем чемпионы титулы үшін таласқан болатын. 12 раундтан тұрған кездесу қазақстандықтардың жеңісімен аяқталған еді.