22 қазан 2017 16:32

Жақиянов реваншсыз қалды. Барнеттің промоутері жоспарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Райан Барнетт пен Эдди Хирн. © Sky Sports Райан Барнетт пен Эдди Хирн. © Sky Sports

Қазақстандық Жанат Жақияновты (27-2, 18 КО) жеңген жеңіл салмақта IBF және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Райан Барнеттің промоутері Эдди Хирн боксшының жоспарын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстандық Жанат Жақияновты (27-2, 18 КО) жеңген жеңіл салмақта IBF және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Райан Барнеттің промоутері Эдди Хирн боксшының жоспарын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Біз Белфастқа ақпанда не наурызда қайтып келуді жоспарлап отырмыз. Дивизиондағы барлық белбеудің басын қоссақ деген ойымыз бар. Біздің салмақта әйгілі боксшылар жиналған. Джейми Макдоннелл ("тұрақты" WBA чемпионы), Пол Батлер (WBA титулына үміткер және IBF нұсқасының экс-иегері) Золани Тете (WBO чемпионы), ал WBC титулы әзірше бос. Райан барлығын жинамақшы", - деді Хирн Sky Sports басылымына берген сұхбатында.

Осылайша, промоутер Барнеттің Жақияновпен екінші кездесу өткізбейтінін айтты. Осыған дейін, қазақстандықтың промоутері Филипп Фондю екі боксшының арасында толтырылған келісімшартта не жазылғанын айтып берген еді.

Жақиянов пен Барнетт арасындағы жекпе-жек қазанның 21-нен 22-не қараған түні Белфаст қаласында өтті. SSE аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шыққан боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасты. Кездесу аяқталысымен төрешілердің шығарған шешімі мынадай болды: 118-110 119-109 және 116-112. Кездесудің видеосы да жарияланды. Айта кетейік, Жақияновты жеңген Барнетт жекпе-жек соңынан денсаулығын тексеру үшін ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы The Times тілшісі Рон Льюис Тwitter желісіндегі парақшасында жазды.

Жанат Жақиянов WBA (Super) белбеуінен айырылып қалды, ол оны биыл ақпанда иеленген еді. Қазақстандық боксшы спорт мансабында екінші рет тізе бүкті, ал оның қарсыласы әлі жеңілген жоқ - 18 жеңіс (11 КО).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети