Жақияновты жеңген Барнеттің жекпе-жектен кейінгі түр-кескіні қандай?

22 Қазан 2017, 12:35
0
Жақияновты жеңген Барнеттің жекпе-жектен кейінгі түр-кескіні қандай? - © HBOboxing
© HBOboxing

Бүгін түнде қазақстандық Жанат Жақиянов ұлыбританиялық Райан Барнеттпен кездесіп, WBA (Super) және IBF чемпиондық титулдары үшін кездесуде төрешілер шешімімен жеңісті беріп қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Белфаст қаласындағы SSE аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шыққан боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасты. Кездесу аяқталысымен төрешілердің шығарған шешімі мынадай болды: 118-110 119-109 және 116-112. Кездесудің видеосы да жарияланды. Айта кетейік, Жақияновты жеңген Барнетт жекпе-жек соңынан денсаулығын тексеру үшін ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы The Times тілшісі Рон Льюис Тwitter желісіндегі парақшасында жазды.

Назарларыңызға Жанат Жақияновпен жұдырықтасып, жеңіске жеткен Райан Барнеттің шаршы алаңнан шыққаннан кейінгі суреттерін ұсынамыз. Суреттерді ұлыбританиялық боксшының промоутері Эдди Хирн жариялады.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай