02 қаңтар 2019 13:31

"Жаңа жылға 15 минут қалғанда қайтыс болды". Ресейлік портал Бекзат Саттархановқа арнап мақала жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Ресейлік "Чемпионат" порталы 1 қаңтарда қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы, 2000 жылы 31 желтоқсанда жол-көлік оқиғасынан қайғылы жағдайда қайтыс болған Бекзат Саттархановқа арнап мақала жариялады. 


Ресейлік "Чемпионат" порталы 1 қаңтарда қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы, 2000 жылы 31 желтоқсанда жол-көлік оқиғасынан қайғылы жағдайда қайтыс болған Бекзат Саттархановқа арнап мақала жариялады. 

"... Жаңа жылға 15 минут қалды. Бір сәтте ұлт батырына айналған 20 жастағы жігіт алға басып келе жатқан. Ол мерекені достарымен қарсы алуға асыққан. Бірер сағат бұрын оны өзінің туған қаласындағы орталық алаңда мадақтаған еді. Ол анасын құттықтап, соңғы рет құшақтап, 150 шақырымдық жолға шыққан. 

Алайда ол мерекелік дастарханға жете алмады. Достары күтіп отырған үйге 40 шақырым қалған сәтте Саттарханов көлікті басқара алмай, аударылған. Екі жолаушы аман қалып, ал Қазақстанның алтын баласы, елдің ең сүйкімді баласы сол жерде қайтыс болды. 

Спорттық мансабындағы ең басты жарыста жеткеннен кейін үш ай уақыт өмір сүрді. Оның қысқа ғана өмірі жұрттардың шампан атып, жаңажылдық құттықтаулар айтып жатқан уақытта болды...", - деп жазды басылым. 


Бекзат Саттарханов 2000 жылы Сидней Олимпиадасында алтын медальді жеңіп алды. © Reuters

Мақала авторы спортшының Түркістандағы қиын балалық шағы туралы, оның спортқа деген сүйіспеншілігі, математика мен география пәндерін сүйіп оқығаны және оның жайсаң мінезі туралы жазған. 

"Бала кезінен Бекзат таңғы бесте тұратын болған, ата-анасына үй шаруашылығында көмектесіп, мектепке дейін екі сағат бойы жүгіретін болған. Боксшы спорт залына автобуспен баруға мәжбүр болған. Кейде оның теңгесі жетіспей, 15 шақырымды жаяу жүріп өтетін болған", - деп жазылған мақалада. 

Оның өлімін көптеген БАҚ өкілдері құпия әрі жұмбақ жағдайда болды деп атады. Боксшы бұзақылармен жеңіс жүлдесін бөліспегені үшін, жол апатын қолдан жасады деген тұжырымдар болды. Жолаушылардың үндемеуі және ресми дереккөздердің болмауы осы нұсқаға сілтеме жасайды деген болады. 

"Алайда 18 жыл өткенде Бекзаттың достары мен таныстары сол жол-көлік оқиғасы ешкімнің көмегінсіз тағдырдың өзі жоспарлап қойған деген ойға тоқталғандарын айтады", - деген шешім жасайды мақала авторы. 

Түркістанда Бекзат Саттархановтың атына ықшамаудан берілді, оның есімімен бірнеше спорттық мектептер ашылды, ал 2007 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер арасында боксшының атындағы турнир өткізіліп келеді. Бекзаттың ата-анасы мен туыстары ұлы спортшының есімі ұмыт болады деп алаңдайды. 

"Түркістанда Бекзат Саттархановтың жеті метрлік ескерткіші мен спорт залы апатты жағдайда тұр, ал 2011 жылы адамсенгісіз жағдай болды. Белгісіз біреулер Бекзат Саттархановтың қабірін қорлады. Олар спортшының медалінің көшірмесін ұрлаған. Сонда Бекзаттың анасы, вандалдардың ұлын екінші рет өлтіргенін айтқан еді", - делінген мақалада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети