15 ақпан 2017 09:15

Жанат Жақиянов Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанат Жақиянов бапкерімен бірге. © Twitter Жанат Жақиянов бапкерімен бірге. © Twitter

WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша ең жеңіл салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) бүгін, 15 ақпанда отанына оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz


WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша ең жеңіл салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) бүгін, 15 ақпанда отанына оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Басылымның мәліметінше, әлем чемпионын Петропавлда әйелі мен кішкентай қызы күтіп отыр. Боксшы бастапқыда Астанаға ұшып келген, онда жанкүйерлері күтіп алған екен. Сондай-ақ, Жақиянов алдағы уақытта тек демалатынын айтып өтті.

Қазіргі уақытта қазақстандық боксшыда екі титул бар. Ал журналистердің "алдағы уақытта қандай жоспарлары бар" деген сұрағына боксшы ұсыныстардың түсіп жатқанын айтты. "Әлемдік титулды қорғағаннан гөрі жеңіп алған оңайырақ шығар. Себебі барлығы әлемдік титулды алғысы келеді. Енді мен кем дегенде екі ай демалып, содан кейін командаммен және менеджеріммен жұмыс істей бастаймын", - деді Жақиянов.

Осыған дейін Астанада EXPO көрмесінің аясында бокс кешінің ұйымдастырылатыны жайлы айтылған болатын. Журналистер боксшыдан осы жайлы да сұрап білді. "Бокс кешіне қатысамын ба, жоқ па - әлі белгісіз. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әзірше, нақты ештеңе айтылған жоқ. Бұл тек жоспарлар. (...)", - деді боксшы.

Еске сала кетейік, 11 ақпанда Жанат Жақиянов америкалықтың белбеуін тартып алған болатын. Американың Толедо қаласында WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен америкалық Роуши Уоррен әлем чемпионы титулы үшін таласқан болатын. 12 раундтан тұрған кездесу қазақстандықтардың жеңісімен аяқталған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети