16 наурыз 2017 13:02

Жанат Жақиянов IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов чемпиондық белбеуінен (IBO) айырылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.


Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов чемпиондық белбеуінен (IBO) айырылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Іboboxing.com порталының мәліметі бойынша, бұл ұжымның жеңіл салмақтағы чемпион атағы қазір бос. Ал boxrec.com порталының мәліметі бойынша, ұйым бұл тұжырымның чемпионы атағын жеңіп алған Жанат Жақияновтан тартып алыпты.

Чемпиондық атақты кері қайтарып алудың басты себебі Жақияновтың IBO ұйымына белбеу үшін берілетін жарнаны төлемеуі болып отыр. Осы мәселеге қатысты Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко өз пікірін білдірді.

"Ол мұның алдында EBU (Еуропалық бокс кеңесі) чемпионы белбеуінен бас тартқан болатын. Ол кезде Жақияновтың менеджері және промоутері Филлип Фондю бұл атақтың боксшы үшін қызығарлық еместігін айтқан. WBA белбеуі үшін жекпе-жек ұйымдастыру маңыздырақ болды. Қазір оған IBO белбеуі керек емес. Белбеу иесі болу артық шығын. IBO белбеуін өткізу арқылы ол бар күш-жігерін WBA бойынша жекпе-жекке бағыттай алады. Қорқынышты ештеңе болған жоқ, менеджер мен боксшының шешімі сондай. Бар болғаны сол", - дейді  Демьяненко.

Еске салайық, чемпиондық белбеуді Жанат Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорреннен тартып алған еді.

Қазір қазақстандық боксшының еншісінде тек жеңіл салмақтағы WBA тұжырымының чемпиондық белбеуі қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети