10 шілде 2016 12:58

Жаңқош Тұраров бразилиялық Сантосты жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңқош Тұраров. © Facebook.com Жаңқош Тұраров. © Facebook.com

Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров бразилиялық Даниэль Сантосты жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров бразилиялық Даниэль Сантосты жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

10 жекпе-жек болған бокс кеші Нью-Джерси штатындағы Трентонда өтті. Жартылай орта салмақтағы 25 жастағы қазақстандыққа 40 жастағы Даниэль Соуза Сантос қарсы шықты. 

Тұраров сегіз раундқа созылған жекпе-жекте қазылар алқасының шешімімен жеңіске жетті. Барлық жекпе-жекті ESPN, Canada TSN және Hungary DigiSport телеарналары таратты.

Facebook желісінде бұл жекпе-жектің видеоүзіндісі жарияланды. 

Ал тағы бір видеоны Жаңқош Тұраровтың өзі жария етті. 

Айта кетейік, бразилиялық боксшы мансап жолында осымен 11-ші рет жеңілді, алтауында нокаутқа түскен. 

Ал Тұраровтың бұл 19-шы жеңісі. Оның 13-і нокаутпен аяқталған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети