02 наурыз 2015 16:44

Жанкүйерлер Геннадий Головкин үшін лайық қарсыласты таңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Пуэрто-Рико елінің боксшысы Мигель Котто WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (32-0, 29 КО) келесі қарсыласы болуы керек. Vesti.kz оқырмандарының дені осылай деп есептейді.


Пуэрто-Рико елінің боксшысы Мигель Котто WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (32-0, 29 КО) келесі қарсыласы болуы керек. Vesti.kz оқырмандарының дені осылай деп есептейді.

Жүргізілген сауалнамада Мигель Коттоға 1246 адам (52 пайыз) дауыс берген. Ал екінші орында орта салмақтағы бұрынғы чемпион, мексикалық Хулио Сезар кіші Чавес тұр. Оған жанкүйерлердің 20 пайызы дауыс беріп отыр (478 адам). GGG үшін таңдалған үштікті жанкүйерлердің 338 дауысын жинаған (14 пайыз) америкалық боксшы Флойд кіші Мейвезер қорытындылап тұр.   

Головкинге қарсылас болуы керек боксшылардың тізімімен мына жерден танысып шыға аласыздар. 

Еске сала кетейік, 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түнде Монте-Карлодағы (Монако) Salle des Etoiles аренасында Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді 11-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кездесу барысында Мюррей үш рет нокдаунға түсті. Осылайша барлық 32 кездесуінде де жеңіске жетіп отыр (29 нокаут) және 19 рет уақытынан бұрын жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы америкалық Майк Тайсонның рекордын қайталады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети