01 ақпан 2017 10:30

Жанкүйерлер Головкинді Мейвезерге ең мықты қарсылас деп тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© BoxingPlanet.ru © BoxingPlanet.ru

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер кіші (49-0, 26 КО) кәсіпқой рингке қайтып оралған жағдайда оған ең мықты қарсыласты таңдауға арналған дауыс беруде WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ESPN телеарнасының сарапшысы, белгілі бокс шолушысы Дэн Рафаэль дауыс беруді Twitter желісіндегі парақшасында жүргізді. Оның қорытындысы бойынша, 1-орында 45 пайыз дауысты жинаған Головкин көш бастады.

Ал 2-орында UFC чемпионы Конор МакГрегор тұр. Ол дауыс берушілердің 24 пайыз дауысын жинаса, 3-орында 19 пайыз дауыс жинаған Дэнни Гарсия бар. Айта кетейік, дауыс беруге 11 588 адам қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети