27 тамыз 2018 14:55

"Жанкүйерлерді сыйламайтын өтірікші" - Головкин "Канело" жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте өткен ашық жаттығу барысында қарсыласы Сауль "Канело" Альварес туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте өткен ашық жаттығу барысында қарсыласы Сауль "Канело" Альварес туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, боксшылар арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. 

"Альварес- чемпион емес. Ол боксты да, фанаттарды да сыйламайды. Мен әлем чемпионы болып қалып, үйіме өз белбеулеріммен оралғым келеді. Кезекті тағы бір Big Drama Show-ға дайынмын. Жаттығу кезінде "Канело" жайлы ойламаймын. Мен өз жұмысымды жасап, 15 қыркүйекте "Канелоға" қарсы жекпе-жекте шаршы алаңда көрсететін боламын. 

Біздің бірінші кездесуімізде мен оның соққыларын сезіне алмадым. Ол жай ғана шапалақ секілді тиді. Ол мықты панчер емес, одан да мықтыларымен жұдырықтасқанмын. Алайда ол шапшаң қозғалады. Ол менің ең тәжірибелі қарсыласым шығар", - деді Головкин. 

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы мексикалық боксшымен қайтадан жекпе-жекке қуанышты екенін айтады. 

"Бұл жолы Альварес жекпе-жекке жұдырықтасуға шықса дұрыс болар еді. Бірінші жекпе-жек алдында да ол солай айтқан еді. Екінші кездесуде мен ашушаң боламын. Абель екеуіміз лагердегі жаттығу барысында жаңа дүниелерді қарастырып жатырмыз. "Канело" допингпен ұсталғанда, көңілім түсті ме? Иә. Бірақ оның командасы менің көңілімді қалдырды. Олардың ақталуы, "Канелоның" реакциясынан оның боксты және жанкүйерлерді құрметтемейтінін аңғардым. Олар өздерін қандай екендерін көрсетті", - деді Геннадий Головкин. 

Қазақстандық боксшы Альвареске мамырдағы жекпе-жектің өтпей қалғаны үшін еш ызалы еместігін, алайда оны құрметтеуден қалғанын айтады. 

"Канело" - бокстағы ең танымал есім емес, ол небәрі үлкен даудың бөлігі. Мамырдағы жекпе-жектің өтпей қалуы өмірлік тәжірибе болды. Жаңа төрешілер мен рефери бокс пен фанаттардың жағында болады дегенге сенемін", - деді спортшы. 

"Головкин - екіжүзді". Альварес GGG өзін жарнамалай беретінін айтады

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети