25 желтоқсан 2018 15:33

Жаттығу қызу жүріп жатыр - Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлімеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлімеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"2 ақпанда Американың Техас штаты, Фриско қаласында Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы 5 жекпе-жегін өткізеді. Қарсылас осы аптада белгілі болады. Жаттығу қызу жүріп жатыр", - деп жазылған Facebook желісіндегі
Janibek Alimkhanuly team парақшасында.

Еске салайық, соңғы рет 25 жастағы Әлімханұлы Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шыққан. Оның қарсыласы "Айуан" лақап атымен танылған жергілікті боксшы Вон Александер (12-2, 8 КО) болды. Жекпе-жек толық сегіз раунда өтіп, қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Әлімханұлы төрт жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (біреуі нокаутпен) және АҚШ-та екінші рет жұдырықтасты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети