09 маусым 2019 15:04

"Жекпе-жек ұзаққа созылады деп ойладық". Головкин Роллстың нокаутқа түсуі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллспен өткен жекпе-жегінде жоспарлаған барлық әдістерді іске асыра алмағанын, себебі жекпе-жек тым ерте аяқталғанын айтты. Бұл туралы GGG Vesti.kz порталына берген эксклюзив сұхбатында мәлімдеді. 


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллспен өткен жекпе-жегінде жоспарлаған барлық әдістерді іске асыра алмағанын, себебі жекпе-жек тым ерте аяқталғанын айтты. Бұл туралы GGG Vesti.kz порталына берген эксклюзив сұхбатында мәлімдеді. 

"Жекпе-жек біз жоспарлағандай сәтті өткеніне байланысты тек жақсы эмоциялар болды. Мен осы нәтижеге разымын", - деді Головкин. 

- Ойлағаныңыздың барлығын іске асыра алдыңыз ба?

- Жоқ. Барлығын іске асыруға уақыт аз болды. Көптеген нәрселерді жүзеге асырғым келген. Жекпе-жек ұзаққа созылады деп ойладық. Бірақ олай болмады. 

- Кездесуді біразға созу ниетіңіз болды ма?

- Ондай бір ниет болды деп айта алмаймын. Шынымен де кездесу сәл ұзаққа созылады деп ойлағанбыз. Бірақ өздеріңіз көріп отырғандай Роллс менің соққыларым мен үдерісімен шыдай алмады. Ол ауыр соққы жіберіп алды, сонымен кездесуде аяқталды. 

- Әли Ахмедовтың жекпе-жегі жайлы не айтасыз?

- Әли жарады! Толық жекпе-жекті көре алмадым, тек үзінділерін видеодан көрдім. Бұл жігіттің арманы бар және ол соған бара жатыр. Біз оған тек көмектесіп жатырмыз. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді.

Compubox жүйесінің мәліметіне сүйенсек, төрт раундта Головкин 223 соққы жасаған. Оның 62-сі дәл тиген (28 пайыз). Головкин жұмсаған 108 джеб соққысының 14-і дәл тиген (13 пайыз). Сонымен қатар, қазақстандық боксшы 104 ауыр соққы жасаған. Оның 48-і дәл болған.

Ал Роллс қарсыласына қарағанда әлдеқайда аз соққы жасаған. Оның 175 соққысының 38-і дәл тиген (22 пайыз). Стив жұмсаған 71 джеб соққының 13-і дәл болған (18 пайыз). Сондай-ақ канадалық боксшының 104 ауыр соққысының 25-і дәл тиген (24 пайыз). 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети