26 наурыз 2018 14:54

Жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған Арман Рысбек рейтингте бірден 231 сатыға көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Рысбек. © facebook.com/rysbek Арман Рысбек. © facebook.com/rysbek

Қазақстандық боксшы Арман Рысбек (3-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсіргеннен кейін екінші орта салмақтағы рейтингте бірден 231 сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Арман Рысбек (3-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсіргеннен кейін екінші орта салмақтағы рейтингте бірден 231 сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы Рысбек Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Хонатан Эзекиель Агирре болды. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын тізе бүктіру үшін бір ақ минутын жұмсады. Басында ол Агиррені нокдаунға жіберіп, артынша нокаутқа түсірді. 

Бұл Арман Рысбектің үшінші жеңісі. Осыған дейінгі жекпе-жекті ол сегіз күн бұрын өткізген еді. Ол кезде ол аргентиналық Виктор Леонардо Лотты (0-2-1) жеңген еді. Қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осының арқасында Рысбек BoxRec тұжырымы бойынша екінші орта салмақта 464-ші орынға көтерілді. 

Айта кетейік, 27 жастағы боксшы бұған дейін "Астана Арланс" командасында болды және оның құрамында жүріп, өткен жылы WSB жеңімпазы атанды.

Еске сала кетейік, Арман Рысбек биыл ақпанда кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, америкалық боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети