15 наурыз 2019 16:04

Жеңіліп көрмеген Нұрсұлтановтың АҚШ-тағы келесі қарсыласы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейірім Нұрсұлтанов. © Miguel Salazar Мейірім Нұрсұлтанов. © Miguel Salazar

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың келесі қарсыласының есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың келесі қарсыласының есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, 24 наурызда Голливудта Hollywood Fight Nights бокс кеші өтеді. Бұл кеште Нұрсұлтанов пуэрториколық Луис Эрнандеспен жұдырықтасады. Қазақстандық боксшының қарсыласы кәсіпқой рингте 24 кездесу өткізіп, 16 жеңіске жеткен және жеті рет жеңілген.

Айта кетейік, Эрнандес мұның алдында тағы бір қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевпен жұдырықтасқан. Жекпе-жек Әшкеевтің жеңісімен аяқталған болатын.

Осы бокс кешінде Али Ахмедов те өнер көрсетеді. Қазақстандық нокаутшы Майк Гаймен (9-3-1, 5 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек алты раундқа есептелген және Ахмедов үшін суперорта салмақта алғашқы кездесу болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети