29 маусым 2016 09:56

Журналист Головкин - Юбенк жекпе-жегінің өтетін күнін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - Юбенк © boxingscene.com Головкин - Юбенк © boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен ағылшын Крис Юбенктің (23-1, 18 КО) жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен ағылшын Крис Юбенктің (23-1, 18 КО) жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

UCNLive журналисі Стив Кимның мәліметінше, бұл жекпе-жек 27 тамызда немесе 3 қыркүйекте болады. "Том Леффлердің (Головкиннің промоутері) айтуынша, ол Головкин-Юбенк жекпе-жегі мәселесімен айналысып жатыр", - деп жазды Ким Twitter желісінде.

Осыған дейін ағылшын боксшысының промоутері Эдди Хирн Юбенк-Головкин жекпе-жегін ұйымдастыру мәселесін үш күн ішінде шешуге үміттеніп отырғанын айтқан еді. Оның айтуынша, жекпе-жекті Лондонда 23 мың көрерменге арналған O2 Arena аренасында өткізу қолайлы.

Ал Юбенк пен оның әкесі Головкинге қатысты мәлімдемелер жасап жүр. Мәселен, Крис Юбенк (23-1, 18 КО) отандасы Том Доранды (17-1, 7 КО) төртінші раундта жеңгеннен кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырса, оның әкесінің айтуынша, оның ұлы жылдымдығы арқылы Головкинді жеңе алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети