25 маусым 2018 09:21

Қанат Ислам WBО рейтингінен шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. © roundbyroundboxing.com Қанат Ислам. © roundbyroundboxing.com

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBО) ресми сайтында 2018 жылдың маусымындағы жаңарған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBО) ресми сайтында 2018 жылдың маусымындағы жаңарған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа тізімде бірінші орта салмақта WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental өңірлік титулдарының иесі, қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жоқ. Бұған дейні ол өз дивизионында тоғызынды орында еді, алайда WBO өз рейтингінен алып тастағаннан кейін, ол ТОП-15 тізімінен шығып қалды. 

Соңғы жекпе-жегін 33 жастағы Қанат Ислам өткен жылдың қыркүйегінде Астанада өткізіп, тоғызыншы раундта канадалық Брэндон Кукті (20-1, 13 КО) нокаутқа түсірген еді. 

Отандасымыз рингке 23 маусымда Лос-Анджелесте оралады деп жоспарланған, алайда ол аяғын жарақаттап алып, кездесу кейінге қалды. Оның қарсыласы ретінде мексикалық Фернандо Каркамо (23-8, 18 КО), жапон Йошихиро Камегаи (27-4-2, 24 КО) және америкалық Габриэль Росадо (24-11, 14 КО) болуы мүмкін екені айтылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети