28 мамыр 2014 16:46

Қанат Ислам әлемдегі ең қарқынды боксшылардың тізіміне ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. ©Ярослав Радловский Қанат Ислам. ©Ярослав Радловский

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам колумбиялық Франсиско Кордероны жеңгеннен кейін рейтингте 24 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.


Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам колумбиялық Франсиско Кордероны жеңгеннен кейін рейтингте 24 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.

Жалпы рейтингте Қанат 82 орынға жайғасса, орта салмақтағы боксшылардың ішінде ол үздік он боксшының қатарына қосылды. Ал, Boxrec.com порталы қазақстандық боксшыны әлемдегі ең қарқынды боксшылары тізіміне қосыпты. Қанат Исламның өзі осы жылдың соңына дейін WBA тұжырымының чемпиондық атағы үшін таласуды мақсат етіп қойып отыр. 

Айта кетейік, Қанат Ислам 1984 жылы 13 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. 2010 жылы ол Қазақстанға көшіп келген. Кейбір деректер бойынша, ол қазір Алматы облысының Қарасай ауданында тұрып жатыр. 

Қанат кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысты. Бұған дейін ол әуесқой бокста Қытай атынан Бейжің Олимпиадасына қатысып, қола медаль алған еді. Елге оралған соң WSB сериясында өнер көрсететін елордалық "Астана арландары" командасының намысын қорғады. 

Бүгінде боксшы АҚШ-тың Флорида штатындағы Pahokee базасында дайындалып жүр. Осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 17 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети