Қанат Ислам әсерлі жекпе-жектерін жалғастыратын болса, "Канеломен" кездесу көп күттірмейді - промоутер

28 Ақпан 2017, 17:46
0
Қанат Ислам әсерлі жекпе-жектерін жалғастыратын болса, "Канеломен" кездесу көп күттірмейді - промоутер - © vk.com/kanatislamteam
© vk.com/kanatislamteam

Данияр Елеусіновпен және Иван Дычкомен жұмыс істейтін аустралиялық промоутер Майк Алтамура Vesti.kz сайтына Қанат Ислам мен Сауль Альварестің жекпе-жегі қашан болатынын айтып берді.

"Бұл жекпе-жек әбден болуы мүмкін, тек оның жақын арада болатыны туралы айта алмаймын. Golden Boy компаниясы мен "Канелоның" өзі ғана бұл сұраққа нақты жауап бере алады. Бір айтарым, Ислам алдағы жекпе-жектерін АҚШ-та өткен соңғы жекпе-жегіндей әсерлі етіп аяқтайтын болса, үздік боксшылармен кездесулер толассыз жауады", - деді Алтамура. 

Айта кетейік, 18 ақпанда АҚШ-тың Делавэр штатының Уилмингтон қаласында бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша чемпион Қанат Ислам 18 ақпанда өткен кездесуде бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай