13 желтоқсан 2017 10:27

Қанат Ислам Астанада тағы бір кездесу өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 KO) Астанада жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы боксшының командасы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.


Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 KO) Астанада жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы боксшының командасы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Қазақстан елордасында жекпе-жек 2018 жылдың мамырында өтетіні және Астананың 20 жылдығына арналғаны айтылады. Исламның жекпе-жегі бокс кешінің басты кездесуі болады, оның аясында тағы бірнеше қазақстандық боксшы жұдырықтасады екен, алайда олардың аты-жөні әзірше айтылмай отыр.

"Қанат Ислам Астанада тағы бір бокс кешін өткізеді. Team QAZAQ Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты Елордада үлкен кәсіпқой бокс кешін өткізбек. Келіссөз жұмыстары басталды. Бокс кеші 2018 жылдың мамыр айында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Басты жекпе-жекте Қанат Ислам жұдырықтасады. Қанат Исламнан бөлек бұл бокс кешінде көк туды желбіретіп жүрген елімізге танымал қазақтандық боксшылар да өз өнерін ортаға салады. Айта кетейік Қанат Ислам желтоқсан айының соңында АҚШ-қа аттанады. Команда жоспары бойынша QAZAQ Астанадағы бокс кешінің алдында Америкада 1 жекпе-жек өткізеді", - делінген хабарламада.

Желтоқсан айының соңында Қанат АҚШ-қа аттанып, тағы бір жекпе-жек өткізеді, алайда оның нақты мерзімі аталмады.

Еске салайық, мұның алдында Исламның америкалық боксшы Джон Верамен (18-0, 11 КО) кездесу өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланған еді. WBA резолюциясы бойынша, бірінші жартылай орта салмақтағы чемпион титулына міндетті үміткер атағына бекітілген боксшылар жекпе-жек күнін 21 желтоқсанға дейін келісу қажет, әйтпесе промоутерлік сауда басталып кетеді.

 

Қанат Ислам Астанада тағы бір бокс кешін өткізеді. Team QAZAQ Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты Елордада үлкен кәсіпқой бокс кешін өткізбек. Келіссөз жұмыстары басталды. Бокс кеші 2018 жылдың мамыр айында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Басты жекпе-жекте Қанат Ислам жұдырықтасады. Қанат Исламнан бөлек бұл бокс кешінде көк туды желбіретіп жүрген елімізге танымал қазақтандық боксшылар да өз өнерін ортаға салады. Айта кетейік Қанат Ислам желтоқсан айының соңында АҚШ-қа аттанады. Команда жоспары бойынша QAZAQ Астанадағы бокс кешінің алдында Америкада 1 жекпе-жек өткізеді.

Публикация от Қанат Ислам | Kanat Islam (@kanat_islam_team)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети