08 ақпан 2016 12:20

Қанат Ислам: Чемпион болу оңай, оны сақтап қалу өте қиын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com © Instagram.com

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам "ЛИТЕР" басылымына берген сұхбатында чемпион болудың қиындықтары жөнінде айтып берді.


Қазақстандық боксшы Қанат Ислам "ЛИТЕР" басылымына берген сұхбатында чемпион болудың қиындықтары жөнінде айтып берді.

Боксшының айтуынша, оған ең қажетті кеңесті бала кезінде бапкері беріпті. "Бала кезімде алғаш рет бокс жаттығуына барғаным есімде. Сонда бапкер бізден кім болғымыз келетінін сұрады. Біз бір ауыздан "Чемпион!" деп жауап бердік. Ол бізге сол кезде: "Чемпион дайындауға болады, дегенмен маған жақсы адамдар керек" деген еді. Ол кезде бұл сөздің байыбына бармағанымыз рас. Кейін үлкен рингке шыға бастаған кезде бапкерімнің сол кезде не айтқысы келгенін түсіндім. Шынымен де чемпионды дайындауға болады. Дегенмен "жұлдыз ауруына" шалдығып, өзіңе қоятын талаптарыңды азайтсаң, тағыңда ұзақ отырмайсың. Чемпион болу - дәреже ғана емес, рухани жүк", - деді боксшы.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіби рингте 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның келесі жекпе-жегі ақпанда өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы кім болатыны әзірше белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети