25 мамыр 2017 20:05

Қанат Ислам жекпе-жегінің тікелей трансляциясын қашан және қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. © Берік Сұлтанның Фейсбук желісіндегі парақшасынан Қанат Ислам. © Берік Сұлтанның Фейсбук желісіндегі парақшасынан

Сенбі, 27 мамырда Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі 24-ші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөілімі. 


Сенбі, 27 мамырда Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі 24-ші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөілімі. 

32 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы 35 жастағы мексикалық Норберто Гонсалес болады. Бұл жекпе-жекті тікелей эфирден "Қазақстан" және КazSport арналары көрсетеді. Тікелей трансляция Астана уақыты бойынша 06:00-де басталады. 

Айта кетейік, жекпе-жек Флорида шататындағы Boca raton resort & club ғимаратында өтеді. Қазақстандық боксшы 23 жекпе-жек өткізіп, 23 рет жеңіске жетті, оның ішінде 19 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Ал оның қарсыласы Гонсалес 23 жекпе-жек өткізіп, сегіз рет жеңілген. 

Еске салайық, бұл кештің андеркартында тағы бір қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (20-0, 14 КО) мексикалық Густаво Гарибамен (13-8-2, 5 КО) жұдырықтасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети