10 сәуір 2019 14:55

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) алдағы жекпе-жегін АҚШ-та өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) алдағы жекпе-жегін АҚШ-та өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында боксшы Астана күніне орай жекпе-жек өткізетіні туралы хабарланған еді. Кездесу Алматыда өтеді деп жоспарланған болатын. Қарсылас әзірге белгісіз. Алайда боксшы рингке оралуын жанкүйрелер үшін тамаша шоу болуын қалайтынын айтқан еді. 

"Промоутер Эгис Климаспен сөйлестік, ол Америкада жекпе-жек ұйымдастыруға тырысады. Қалай болатынын көреміз. Ал жекпе-жекке жақсы дайындық болу үшін, белгілі бапкер Роберто Гарсиямен байланысқа шығып, Қазақстанға келуін сұрадық. Ол қазір Бразилияда жүргенін айтты және уақыт тығыздығына байланысты Лос-Анджелеске келгенім жөн болатынын түсіндірді. Сол жерде келіссөздер өткіземіз", - дейді қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, алдағы жекпе-жек Қанат Ислам үшін ұзақ үзілістен кейінгі рингке оралу болады. Боксшы соңғы рет 2017 жылдың 9 қыркүйкте жұдырықтасқан, ол кезде алғашқы орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін Астанада канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсірген.

Келесі жекпе-жек 23 маусым Лос-Анджелеске белгіленген еді, алайда, қазақстандық аяғын жарақаттап алған болатын. Одан кейін емдеу шаралары дұрыс жүрмеуіне байланысты жарақт асқынып кетіп, боксшының жағдайы осы көктемде жақсарды. Қазіргі таңда Ислам Талғар маңындағы AIBA бокс академсясындамында жаттығып жатыр.

Роберто Гарсия екінші жартылай салмақта бұрынғы әлем чемпионы, Американың бокс туралы жазатын журналистер қауымдастығы (BWAA) жыл бапкері деп мойындаған (2012 жыл). Бес салмақта жұдырықтасатын белгілі боксшы, түрлі дивизтонда WBC, WBО, IBF және The Ring белбеулерін иеленген Майки Гарсияның ағасы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети