13 қараша 2015 15:22

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін кіммен өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. © portal-box.com. Қанат Ислам. © portal-box.com.

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегін өз салмағындағы ТОП-20 рейтингіне кіретін спортшымен өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегін өз салмағындағы ТОП-20 рейтингіне кіретін спортшымен өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Таяу уақытта қарсыластың аты-жөні анықталады. Boxrec.com сайтының мәліметінше, бірінші орта салмақтағы ТОП-20 тізімі мынадай: 

1. Сауль "Канело" Альварес (Мексика, 45-1-1);
2. Эрисланди Лара (Куба, 21-2-2);
3. Деметриус Андраде (АҚШ, 22-0-0);
4. Джермайлл Чарло (АҚШ, 22-0-0);
5. Джермейлл Чарло (АҚШ, 27-0-0);
6. Ванес Мартиросян (АҚШ, 36-2-1);
7. Карлос Молина (Мексика, 23-6-2);
8. Мишель Соро (Франция, 27-1-1);
9. Корнелиус Бандрадже (АҚШ, 34-6-0);
10. Уилли Нельсон (АҚШ, 24-2-1);
11. Чарли Хэйтли (АҚШ, 26-1-1);
12. Джеймс Киркланд (АҚШ, 32-2-0);
13. Джулиан Уильямс (АҚШ, 21-0-1);
14. Ише Смит (АҚШ, 27-8-0);
15. Остин Траут (АҚШ, 30-2-0);
16. Брайн Роуз (Ұлыбритания, 27-3-1);
17. Рамон Альварез (Мексика, 22-4-2);
18. Лиам Смит (Ұлыбритания, 21-0-1);
19. Джек Кульчай (Германия, 20-1-0);
20. Ян Завек (Словения, 35-3-0).

Айта кетейік, бұл тізімдегі бірнеше боксшы таяу уақытта жұдырықтасатындындықтан Қанат Исламның қарсыласы бола алмайды. Мәселен, рейтинг көшбасшысы Альварес орта салмақтағы WBC бойынша әлем чемпионы титулын пуэрторикалық Мигель Коттомен сарапқа салады, ал екінші номердегі Эрисланди Лара бірінші орта салмақтағы WBA және IBO титулы үшін Ян Завекпен таласады. Келесі жұптар былай: 

Джермайлл Чарло - Уилли Каэмпфорт (IBF титулы);
Брайн Роуз - қарсыласы белгілі емес;
Лиам Смит - "Джимми" Килрэйн Келли (WBO титулы);
Джек Кульчай - Деннис Хоган.

Барлық жекпе-жектер қараша-желтоқсан айларында өтеді. Қанат Ислам WBA рейтингінде жоғары тұр - әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара.

1. Джек Кульчай (Германия) - әлемнің "уақытша" чемпионы;
2. Сауль Альварес (Мексика);
3. Джошуа Клотти (Гана);
4. Энтони Мундин (Австралия);
5. Остин Траут (АҚШ);
6. Канат Ислам (Қазақстан);
7. Давид Зегарра (Перу);
8. Ян Завек (Словения);
9. Морис Вебер (Германия);
10. Джуллиан Уильямс (АҚШ);
11. Деннис Хоган (Ирландия);
12. Брэндон Кук (Канада);
13. Сергей Рябченко (Беларусь);
14. Вилли Нельсон (АҚШ);
15. Хавьер Масиэл (Аргентина).

Еске салайық, 31 жастағы Қанат Ислам Флойд Мейвезердің менеджері Эл Хэймонмен келісімшарт жасасты. Сонымен қатар, Қанат Исламның келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін екендігі хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети