12 қараша 2015 17:03

Қанат Ислам кіші Мейвезердің менеджерімен келісімшарт жасасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Флойд Мейвезердің менеджері Эл Хэймонмен келісімшарт жасасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Флойд Мейвезердің менеджері Эл Хэймонмен келісімшарт жасасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Хэймон кәсіби бокстағы ең беделді адамдардың бірі. Ол Флойд Мейвезер, Әмір Хан, Питер Куиллин сияқты танымал спортшылармен жұмыс істейді. Эл Хэймон WBA тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион, қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің де менеджері қызметін атқарады.

Хэймон олимпиада чемпиондарымен, сонымен қатар, жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақта чемпиондық белбеулердің иесі Василий Жировпен жұмыс істеген.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам 8 қарашада Доминикан Республикасының боксшысы, 31 жастағы Джонатан Батистамен кездескен болатын. Ол қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети