Қанат Ислам лайықты бағасын ала алмай жүрген боксшы - америкалық журналист

17 Мамыр 2017, 20:54
0
Қанат Ислам лайықты бағасын ала алмай жүрген боксшы - америкалық журналист - Қанат Ислам. © vk.com/kanatislamteam
Қанат Ислам. © vk.com/kanatislamteam

Америкалық Delcotimes.com сайтының журналисі Джэк МакКафери Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның мексикалық Норберто Гонсалеспен алдағы жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүргенін мәлімдеді. 

"Исламнан кезекті әсерлі нокаут күтемін. Ол өте жақсы боксшы, талапты әрі адуынды. Рой Джонстың андеркартында мен көрген жекпе-жегі өте әсерлі болды. Ислам - лайықты бағасын ала алмай жүрген боксшы, ол өз дивизионында көшбасшылардың бірі болуға барлық мүмкіндігі бар. Ол беткеұстар боксшылармен жұдырықтасуға лайық деп ойлаймын. Оның Деметриус Эндрэдпен немесе Джарретт Хердпен жұдырықтасуы қызық болар еді", - деді Джэк Маккафери.

Еске салайық, Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 26 мамыр күні Флорида (АҚШ) қаласында өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болады. Бұл жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA intercontinental белбеулері сарапқа салынады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай