18 наурыз 2017 12:16

Қанат Ислам маған Астанада жекпе-жек өткізуді ұсынды - Шүменов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FightNews.RU © FightNews.RU

Бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлемнің regular чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Астанада өтетін бокс кешіне қатысуға дайын екенін мәлімдеді.


Бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлемнің regular чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Астанада өтетін бокс кешіне қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

"Таяуда жақын досым Қанат Исламмен хабарластым. Ол Астанадағы шоу аясында кездесу өткізбекші екен, ол маған да ұсынды. Мен отанымда жұдырықтасу мүмкіндігі болса, халқымның алдында бақытты болар едім деп жауап бердім. Әрине, қалаймын", - деді Шүменов. 

Кейін боксшы бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"ЭКСПО-2017" көрмесі аясында Астанада өтетін бокс кешіне шақыртуды қуана қабылдаймын. Әлемнің әр жерінде жекпе-жек өткізіп жүрген еліміздің боксшылары жиналып, Астанада өнер көрсетсек бұл жанкүйерлер үшін ұмытылмас естелік боларына сенемін. Тек қазақстандық жанкүйерлер үшін емес, әлемдегі кәсіпқой боксқа қызығатындар үшін бұл өте қызық. Себебі қазақ боксшыларының жұдырықтасу стилін шетелдіктер жақсы көреді, жоғары бағалайды. Қазақстандық жанкүйерлер алдында жекпе-жек өткізбегеніме 6 жылдай болыпты. Елдің қиқуын, қолдауын сағындым. Тауда жүгіріп, бұлақ суын ішіп, қазы-қартамен қуаттанатын күн де алыс емес сияқты. 9 қыркүйекте әлем назары Астанада болады!", - деп жазды Шүменов.

Еске салайық, осыған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Исламның Астанадағы жекпе-жегі жайлы айтқан еді. 

"Біз онымен осыған дейін 9 қыркүйекте келіскен болатынбыз. Астанада жекпе-жек өткізу туралы. (...) Бокс кешін ұйымдастырған промоутерлік компания мүмкін деген үміткерлермен келіссөздер жүргізді. Біз 9 қыркүйекте Астанада Қанат Исламның жекпе-жегін өткізгіміз келеді", - деген еді министр.

Сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы бокс кешіне Жанқош Тұраров пен Жанат Жақияновтың қатысуы мүмкін екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети