21 желтоқсан 2018 | 10:51

Қанат Ислам ізімен. "Қазақ жауынгері" Қазақстанға ауысу жайлы ойын айтты

Елшат Нығматуллаұлы.

Қытайда туған 24 жастағы "Қазақ жауынгер" лақапатымен танылған Елшат Нығматуллаұлы кезекті жекпе-жек үшін Астанада болып қайтты. Қазақстандағы алғашқы жекпе-жегінен кейін ол Vesti.kz сайтына сұхбат берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытайда туған 24 жастағы "Қазақ жауынгер" лақапатымен танылған Елшат Нығматуллаұлы кезекті жекпе-жек үшін Астанада болып қайтты. Қазақстандағы алғашқы жекпе-жегінен кейін ол Vesti.kz сайтына сұхбат берді. 

Боксшының айтуынша, ол Астанаға WBC Asia белбеуі үшін жұдырықтасуға келген, алайда, оның қарсыласы Әзірбайжан спортшысы Фарид Алиев (5-0, 5 КО) жекпе-жектен бас тартты.

Реклама
Реклама

"Бастапқыда жұдырықтасуы керек болған қарсыласым жекпе-жектен бас тартты. Кетіп қалды. Мықты мемлекеттен келіп еді, күшін көрсетуге. Менің жетістігімді көріп, ойы өзгерген сияқты. Ол мықты бір мектеп өкілі, бірақ, жеңетініме сенімді едім. Осыдан кейін "Астана Арландары" сапындағы боксшы (Мардан Берікбаев) қарсыласым болды. Өте білікті боксшы. Қазақстанның екі дүркін чемпионы. "Қарсыластың ауысқаны туралы жаңалықтан кейін жүк жеңілдеген жоқ. Біреулер екі қазақ бір-бірімен жұдырықтасып жатыр деп ойлаған шығар. Бірақ біріншіден, бұл - кәсіпқой бокс. Рингте қарсыласқа деген сыйластық қана бар. Жекпе-жек тең аяқталды, мен осыны қабылдаймын", - деді Елшат Нығматуллаұлы.

Қытайда туып-өсіп, мұның алдында 15 жекпе-жекті Қытайда өткізген ол соңғы кездесуін Қазақстанда ұйымдастырды. Қанат Исламның ізімен Қазақстанға келіп, азаматтық аласыз ба? - деген сұраққа ол былай деп жауап берді: "Мұнда келіп, бәрін көрдім. Мені қалай күтіп алғанын. Елдің дамығанын көрдім, инфрақұрылымның. Кәсіпқой бокс деңгейі қандай деңгейде екенін. Неге болмасқа? Залдан "Елшат-Елшат!" деген қолдаулар естідім. Бұл үшін үлкен алғыс. Мұндай қолдауға қуаныштымын. Қазір ештеңені кесіп айта алмаймын. Дегенмен аз да болса, өз үлесімді қосуға дайынмын". 

Айта кетейік, Елшат Нығматуллаұлы кәсіпқой боксқа төрт жыл бұрын келген. Қытайда өткен 15 жекпе-жегінің ешбірін жеңілмеген - 14 рет жеңіп, бір рет тең түскен.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная