Қанат Исламның WBA белбеуіне үміткер анықталатын жекпе-жегі Астанада өтуі мүмкін бе?

14 Желтоқсан 2017, 17:54
0
Қанат Исламның WBA белбеуіне үміткер анықталатын жекпе-жегі Астанада өтуі мүмкін бе? - Қанат Ислам
Қанат Ислам

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Джон Вераның (18-0, 11 КО) өкілі Roy Jones Jr. Boxing Promotions компаниясының мачмейкері Гай Тэйлор Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қанат Исламмен жекпе-жектің қайда өтуі мүмкін екенін айтты.

"Келіссөздер жүріп жатыр. Кей тұстар бойынша ортақ шешім болмай жатыр. Созылып кетуі мүмкін. Мәселенің көбі біздің командаға байланысты емес", - дейді Тэйлор.

Мачмейкер жекпе-жектің қайда өтуін қалайтынын және оны Қазақстанда өткізу неге мүмкін еместігін айтты. 

"Лас-Вегаста өткенін қалар едім. Қалай дегенмен бәрі қаржыға келіп тіреледі. Ал жекпе-жекті сіздердің елде өткізу ұсынысы бізді қызықтырмайды, оған қыруар қаржы қажет", - дп түсіндірді ол. 

Айта кетейік, Қанат Исламның командасы желтоқсан соңында АҚШ-қа баратынын, ал мамырда Астанада жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген.

Еске салайық, WBA резалюциясы бойынша, алғашқы орта салмақтағы чемпиондық атаққа міндетті қарсылас анықталатын бұл жекпе-жекті өткізу туралы келіссөздер 21 желтоқсанда аяқталу керек. Олай болмаған жағдайда промоутерлік сауда басталады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай