1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Қанат Исламның келесі жекпе-жегіне дайындығының видеосы жарияланды

© vk.com/kanatislamcom © vk.com/kanatislamcom

Қанат Исламның келесі жекпе-жегіне дайындығының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ВКонтакте" желісіндегі Қанат "Kazakh" Ислам парақшасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, таяуда Қанат Исламның қарсыласы анықталған еді. Ол - бразилиялық Робсон Ассис. Жекпе-жек әйгілі юбоксшы Рой Джонстың андеркартында өтеді. Ассис 16 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Робсон Ассис жайлы толығырақ мына сілтеме арқылы оқып-біле аласыздар. 

Сонымен қатар, осыған дейін FightSpace жобасының негізін қалаған Григорий Стангрит Қанат Исламның қарсыласына баға берген болатын. Қанат Ислам - Робсон Ассис жекпе-жегі 17 ақпанда АҚШ-та өтеді.

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың 29 қазан күні Алматыда өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ганалық боксшы Патрик Аллотейден басым түскен еді.