Қанат Исламның промоутері боксшыға қарсылас таңдауда сынға ұшырады

25 Сәуір 2017, 12:11
0
Қанат Исламның промоутері боксшыға қарсылас таңдауда сынға ұшырады - © telegraf.com.ua
© telegraf.com.ua

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақта өнер көрсететін Қанат Исламның келесі қарсыласы туралы өз пікірін білдірді.

"Мұндай жеңілісі көп қарсыластың не қажеті бар екенін білмеймін. Бұл Қанатқа шеберлік пен абырой алып келмейді. Қанат Ислам өңірлік деңгейден шығып, чемпиондық кездесулерге талпынуы тиіс. Оның промоутерінің не ойлағанын білмеймін. Ол тек Қанаттың ел аузында жүре бергенін қалайды, бірақ титулдық кездесуге мүлдем талпынысы жоқ. Бұлай бір-екі жыл жалғасуы мүмкін, содан кейін оның да уақыты келеді. Чемпион болып қалғаны дұрыс", - деді Демьяненко.

Маманның айтуынша, Қанаттың қанша жұдырықтасатыны белгісіз. Бір орында тұра беру өте қиын екенін жеткізді.

"Боксшылардың мақсаты қандай? Чемпион болу. Исламның промоутері мұндай мақсатты көксеп жүрген жоқ. Мен Қанатты боксшы ретінде және адам ретінде де жақсы көремін, алайда оның өзін көрсете алмай жүргеніне іштей күйінемін. Негізінде ол бұрында көзге түскен, бірақ ол еш нәтиже көрген жоқ. Оны анау "Нельсон Мандела" көтеріп жатқан жоқ, бірақ біздің тараптан оған барлық көмек көрсетіліп жатыр.

Осыған дейін Қанат Исламның өкілі Берік Сұлтан келесі қарсыласы мен кездесудің қашан өтетінін жариялаған болатын. Оның қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай