25 мамыр 2017 22:40

Қанатпен алғашқы жекпе-жек әділетсіз болды. Қорықпаса дұрыс қолғаппен жұдырықтасайық - Патрик Аллотей

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Ганалық кәсіпқой боксшы Патрик Аллотей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Қанат Исламмен қарымта кездесуді тала етті. 


Ганалық кәсіпқой боксшы Патрик Аллотей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Қанат Исламмен қарымта кездесуді тала етті. 

"Қазір мен 9 маусымға белгіленген жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Кедесу 10 раунд болады. Қарсыласым да ганалық", - дейді боксшы. 

Чемпиондық атақ үшін қашан жұдырықтасасыздеген сұраққа боксшы Қанат Исламмен болған жекпе-жекті есіне алды.

"Мен мұны ойлағанмын, алайда, Қазақстандағы әділсіз жекпе-жектен кейін бақа жекпе-жекті ойлау қиын. Менеджерім екеуміз бірнеше мүмкіндікті қарастырдық. Мен Қанатпен қарымта кездесуді қалаймын. Ол қыркүйекте Қазақстанда бокс кешін өткізетінін білемін. Мүмкіндік берсе болды, міндетті түрде пайдаланымын. Дұрыс төрелік және ең бастысы дұрыс қолғап болса болғаны. Өткен жолы қолымды қатты жарақаттадым. Қалай болғанда да мен Қанатты жекпе-жекке шақырамын! Егер менен ұтылып қалудан қорықпасаң - жұдырықтасайық", - деп мәлімдеді Аллотей. 

Айта кетейік, Ислам-Аллотей жекпе-жегі 29 қазанда Алматыда өткен болатын. Кездесу барлық 12 раундқа созылып, төрешілер шешімімен (117-111 және екеуі - 116-112 ұпай) қазақстандық боксшы жеңіске жеткен болатын. Жекпе-жектен кейін Аллотейдің бапкері мұны бассыздық деп атады, ал боксшының өзі көз жасын тыя алмады. 

Жекпе-жектен кейін белгілі қазақстандық промоутер Болат Манкенов боксшылар сапасыз қолғаппен жұдырықтасқанын мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети