08 тамыз 2019 12:18

"Канело" чемпиондық титулынан айырылғаннан кейін келесі қарсыласын таңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© caneloteam.com © caneloteam.com

Екі салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегі бойынша бір шешімге келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екі салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегі бойынша бір шешімге келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, Альварес рингке 14 қыркүйекте оралып, қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізеді деп күтілген еді. Алайда мексикалық GGG-мен қайта жұдырықтасудан бас тартты.

Альварес қыркүйектегі жекпе-жегіне жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен (33-3-1, 28 KO) жұдырықтасу бойынша келіссөздер бастаған, дегенмен, тараптар келісе алмады. Осылайша, ресейлік 24 тамызда міндетті қарсылас Энтони Ярдпен (18-0, 17 КО) жұдырықтасады, ал мексикалық рингке оралуын жыл соңына шегеріп тастады.

Инсайдер Лэнс Пайгмайердің (The Athletic) айтуынша, Альварес әлі де Ковалевпен жұдырықтасуға ниетті. Мексикалық оның Ярдпен жекпе-жегінің өтуін күтпек. Ресейлік таза жеңіске жетсе, "Канело" онымен қарашада жұдырықтаса алады, ал жекпе-жек DAZN платформасында таратылады.

Golden Boy президенті "Канеломен" арадағы жанжал туралы шындықты айтты

Айта кетейік, "Канелоға" қарсылас ретінде Ковалевті де, Головкинді де DAZN мақұлдаған. Бірақ мексикалық Головкинді жақтырмайтындықтан онымен қайта кездескісі келмейді - 2017 қыркүйекте боксшылар тең түскен, ал бір жыл өте Альварес төрешілер шешімімен жеңді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети