Сауль "Канело" Альварестің мүддесін қорғап жүрген (49-1-2, 34 КО) Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті мексикалық боксшының орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өтетін кездесуден соң келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Промоутердің айтуынша, 15 қыркүйектегі кездесуден соң "Канело" шаршы алаңға жақын арада қайтып оралады екен.
"Біз 15 желтоқсанға Madison Square Garden аренасына тапсырыс беріп қойдық", - деді Гомес Fight Sports басылымына берген сұхбатында.
Альвареспен жекпе-жекке шығатын боксшылар қатарында Гэри О'Салливан, Давид Лемье және Билли Джо Сондерс - Деметриус Андраде жұбының жеңімпазы бар екен.
Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, судьялар кездесуді тең есеппен аяқталды деп мәлімдеген болатын. Қос боксшы бір жыл өткеннен кейін осы аренада қайта кездеседі.