07 қыркүйек 2018 14:39

"Канело" Головкинмен кездесуден кейін шаршы алаңға қашан шығады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fightsports.tv © fightsports.tv

Сауль "Канело" Альварестің мүддесін қорғап жүрген (49-1-2, 34 КО) Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті мексикалық боксшының орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өтетін кездесуден соң келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Промоутердің айтуынша, 15 қыркүйектегі кездесуден соң "Канело" шаршы алаңға жақын арада қайтып оралады екен. 

"Біз 15 желтоқсанға Madison Square Garden аренасына тапсырыс беріп қойдық", - деді Гомес Fight Sports басылымына берген сұхбатында. 

Альвареспен жекпе-жекке шығатын боксшылар қатарында Гэри О'Салливан, Давид Лемье және Билли Джо Сондерс - Деметриус Андраде жұбының жеңімпазы бар екен. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, судьялар кездесуді тең есеппен аяқталды деп мәлімдеген болатын. Қос боксшы бір жыл өткеннен кейін осы аренада қайта кездеседі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети