17 қазан 2018 11:37

"Канело" миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBC және WBA (Super) орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес DAZN стриминг сервисімен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы жаңалықтан хабары бар дереккөзіне сілтеме жасаған BoxingScene хабарлады.


WBC және WBA (Super) орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес DAZN стриминг сервисімен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы жаңалықтан хабары бар дереккөзіне сілтеме жасаған BoxingScene хабарлады.

Альварес орта салмақтағы WBA чемпионы Рокки Филдингпен Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізетін 15 желтоқсандағы жекпе-жегінде жұдырықтасады және осы жекпе-жек DAZN-да тұңғыш рет көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Мексикалық боксшының бұл стриминг сервисімен келісімшарты бірнеше жекпе-жекке есептелген, алайда нақты саны әзірше аталған жоқ.

Осыған дейін Альварес жекпе-жегі HBO телеарнасында көрсетілген еді, бұл телеарна 2019 жылы трансляциясын тоқтатады. Оның соңғы екі жекпе-жегінде қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкин болды. 2017 жылдың қыркүйегінде боксшылардың алғашқы кездесуі Лас-Вегас қаласында T-Mobile алаңында өтіп, екеуі де тең түскен еді. Сөйтіп араға бір жыл сала дәл сол алаңда қазылар алқасының шешімімен мексикалық Альварес жеңімпаз атанды.

DAZN қызмет ағынына қойылған бір айлық келісімшартта Альвареске 9,99 доллар төленетіні анықталды. Ал боксшінің соңғы он жекпе-жегі HBO және Showtime телеарнасында ақылы трансляция жүйесі бойынша (PPV) 65 және 75 доллар төленген. 

DAZN-дағы жекпе-жек үшін Matchroom компаниясындағы британдық промоутер Эдди Хирн жауапты. Мамырда ол миллиард долларлық сегіз жылға созылған келісімшартқа қол қойып, ол жерде алдағы бір жыл ішінде DAZN-ға арнап 32 жекпе-жек ұйымдастыруы керек екені белгілі болды. 

Сондай-ақ, Эдди Хирн Matchroom-де дебют жасаған тұңғыш қазақстандық олимпиадалық боксші Данияр Елеусіновпен жұмыс істейді. 

Қыркүйектің соңында Хирн DAZN стриминг сервисіне Головкинді де қосып қойғысы келетінін мәлімдеген еді. Еске салай кетейік, Головкин HBO-да 2012 жылдан бері шыққан. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети