25 қазан 2017 09:45

"Канело" тайқып кетсе Головкин кіммен кездесуі мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин  (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш туралы келіссөздер өтпей қалған жағдайда кіммен кездесуі мүмкін екенін айтты.

Таяуда Головкиннің промоутері Том Леффлермен және бапкері Абель Санчеспен Далласқа аттанған белгілі болған. Сапардың мақсаты - "келесі жекпе-жек орнын көру". Мұның Головкин діттеген қосымша жоспар ма немесе "Канеломен" 5 мамырда өткізетін негізгі орын ба - әзірге белгісіз. 

"Егер Головкин "Канеломен" Техаста жұдырықтаспайтын болса, бұл орын WBC бойынша міндетті үміткер Джермалла Чарломен (26-0, 20 КО) кездесуге тамаша мүмкіндік. Ол Техастан шыққан, Хьюстонда тұрады. Чарло - Техаста өте танымал. Головкин мен Чарлоның Техастағы жекпе-жегі "Канеломен" өткізген кездесуден де мықты болуы мүмкін, себебі Чарло ірілеу, күші көп және шабуылдаушы. Оның үстіне Головкин Чарлоны "Канелодай" қуып жүрмейді. Жекпе-жек 12 раундқа дейін де созылмайтын еді. Немесе Чарло нокаутқа түседі, немесе Голокин. Бұл Головкинді нокаут жайлы ойландыратын кездесу болар еді. Чарло Головкинді жеңу үшін соңына дейін шыдап бағатынына сенімдімін", - деді шолушы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети