02 наурыз 2018 14:15

"Канелоға" қысым түсіріп жатқан сияқты". Головкиннің бапкері баспасөз мәслихатындағы шатақ жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абель Санчес © Xsport Абель Санчес © Xsport

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес баспасөз мәслихаты кезінде мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қалай сөзге келіп қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Bad Left Hook.


Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес баспасөз мәслихаты кезінде мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қалай сөзге келіп қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Bad Left Hook.

"Оның рингте қашқанын, сондықтан жанкүйерлеріне Головкинді нокаутқа түсірем деген уәдесі жалған боғланын айттым. Ол маған бұрылып, Геннадий оны алты раунда нокаутқа түсіреді деп айтқандықтан, өзің жалған сөйледің деп мәлімдеді. Сосын мен рингте қашып жүрмесең Головкин алты раунда солай істер еді дедім. Айтқандарымызды бірнеше рет қайталадық, ақыры мен қашпай, жігіт сияқты жұдырықтасуға шақырдым", - дейді Санчес.

"Меніңше, "Канелоға" нокаут керек деп қысым көрсетіп жатқан сияқты. Алғашқы жекпе-жек алдында айтқан сөзі мен қарымта жұдырықтасуға байланысты", - деп айта кетті бапкер.

Мұның алдында бапкер Альваресті суайт деген болатын, сонымен қоса, оны тамаша тактикасы үшін де мазақ еткен.

"Канело" жауап ретінде бапкерді бокстан білері таяз деді. Ал осыған дейін боксшы Санчесті ақымақ деген еді.

Сонымен бірге, Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихаты кезінде Головкиннің бапкері мен Альварес қайтадан шекісіп қалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети