19 наурыз 2018 10:53

"Канелоны" қорғамаймын - WBC президенті Альварестің допинг дауы жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль Альварес пен Маурисио Сулейман © WBC ресми сайтынан Сауль Альварес пен Маурисио Сулейман © WBC ресми сайтынан

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті мексикалық Маурисио Сулейман Forbes басылымына берген сұхбатында өз отандасы Сауль "Канело" Альварестің Геннадий Головкинмен өтетін екінші жекпе-жегінің алдында допинг сынамасынан өте алмағаны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті мексикалық Маурисио Сулейман Forbes басылымына берген сұхбатында өз отандасы Сауль "Канело" Альварестің Геннадий Головкинмен өтетін екінші жекпе-жегінің алдында допинг сынамасынан өте алмағаны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

6 наурызда "Канелоның" қан құрамынан кленбутерол табылған еді. Мексикалықтың командасы мұны боксшының бұзылған еттен пайда болған салдары деп түсіндірді. Алайда соңғы үш допинг сынамасынан ештеңе шыққан жоқ. 

"Ол өз еркімен "Таза бокс" бағдарламасына келді және жекпе-жек алдында VADA ұйымында тексеріліп тұрады. Мұны тосынсый деп қабылдаған жөн. "Таза бокс" бағдарламасы өз жұмысын тиянақты атқарып жатқанын түсінуге болады", - дейді Сулейман. 

Ұйым президентінің айтуынша "Канело" мен оның командасы жекпе-жек алдында осындай дау-дамай туғызғаны үшін жауап беру керек пе дегенге де пікір білдірді. 

"Әрине. Бұл деңгейдегі спортшының командасы беделді болуы керек. Алайда оның қарапайым адам екенін де естен шығармаған дұрыс. Ол Мексикада көп болады, әр түрлі шараларға қатысады. Бәлкім, бір стейктен немесе бір такодан болуы әбден мүмкін. Альварес қорғайын деген ойым жоқ. Біздің ұйым мен Альварес арасында дау-дамайлар болды. Бірақ дәл осы жағдайда салқынқандылық танытып, әділ болғанымыз дұрыс", - дейді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети