"Канелоның" промоутері Головкиннің жеңісіне қатысты пікір айтты

09 Маусым, 10:09
2

Сауль "Канело" Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкиннің жеңісіне байланысты пікір айтты, - деп хабаралайды Vesti.kz.

"Әдемі жеңіспен оралды. Ал енді нағыз боксшымен жұдырықтасып, белбеуді жеңіп ал. Содан кейін мен үшінші жекпе-жек жайлы ойланып көремін", - деп жазды Де Ла Хойя. Сондай-ақ ол #КанелоТвойБосс хештегін белгілеген.  

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жек 74,4 келі  салмағында өтті. Сонымен қатар жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өткен бокс шоуының ең басты кездесуі болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай