08 наурыз 2018 14:07

"Канелоның" заңсыз әрекетінің үстінен түстім - Головкиннің бапкері мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  Аllboxing.ru © Аllboxing.ru

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Yahoo! Sports басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен алғашқы жекпе-жек алдында болған бір қызық оқиғаны есіне алды.


Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Yahoo! Sports басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен алғашқы жекпе-жек алдында болған бір қызық оқиғаны есіне алды.

Бапкердің сөзінше, ол Альварестің қолын тыйым салынған әдіспен орап жатқанда үстінен түскен. Санчес бұл туралы инспекторға айтқан, алайда, ол ешқандай ережебұзушылық байқамаған болды. Керісінше ол бапкерге ескерту жасаған. Санчес осы оқиға Невада штатының атлеттер комиссиясының (NSAC) "Канелоға" көзқарастары оң екенін көрсететінін айтады.

"Канелоның" қолына бір қабат дәке орады, үстінен екі-үш қабат жолақ орады, сосын қайтадан дәке және қайтадан жолақ орады. Бұл заңсыз және мұны құю деп атайды. Мұны көре сала: "Ей, ей! Бұл заңсыз, бұлай істеуге болмайды!" - дедім. Бірақ инспектор маған қарап: "Оған болады", - деді. Оның үстіне инспектор мені бөлмеден қуып шығамын деді. Амалым жоқ үнсіз қарап тұрдым", - дейді Санчес.

Мұның алдында Головкиннің бапкері NSAC жүргізіп жатқан "Альварес ісінің" әділетті тергеліп жатқанына күмән келтірген.

Еске салайық, қарымта кездесуге екі ай қалғанда мексикалық боксшының қанынан кленбутерол атты допинг табылды. "Канелоның" командасы мұны тамаққа қолданған еттің құрамында болуы мүмкін екенімен түсіндірді. Дегенмен Альварестің екі допинг сынамасы да қанында осы препараттың барын көрсеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети